Ілімнің құндылығы жайлы керемет уағыз айтылды!

Кеше мешітіміздің төріне Хазіреті М келіп білімнің құндылығы жайлы уағыз айтып, шәкірттердің дін жолындағы жауапкершілінін сезіндіре түсті.

Ілім арқаланып жолға шыққан адам мына дүниедегі ең үлкен қазынаны алды деген сөз. «Дін үйрену үшін бір сағат отыру – алпыс жыл нәпіл намаз оқыған сияқты болады» деген. Хасан әл-Басри Бақара сүресі 201 аятындағы «Уа, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде жақсылық бер және ахыретте жақсылық бер» деген аятта бұл дүниедегі жақсылық бізге білім және ғибадат, ал ахыреттегі жақсылық жәннәтқа кіргіз,- деген мағынадағы дұға деген. Белгілі мазхаб башысы Имам Ахмад айтады: «Егерде білім алушының ниеті тура болса, онда оған ешкім тең келе алмайды. Оның ниеті – білімсіздікті жойып, жақсылыққа шақыру болуы керек».

Сондай-ақ өзінің шәкірт кезіндегі оқиғалармен бөлісіп, ілім талап етуші шәкірт қандай болу керектігіне тоқталып, тұжырымды кеңес берді.