Тәуелсіз елдің негізі – ұлағатты ұстаз. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының тұтқасы – жастарға  білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ.Тәрбие мен білімді ұштастыра бойына сіңіріп оны, өскелең ұрпаққа жеткізуші көпір – ұлағатты ұстаз. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», — деген Мағжан Жұмабаев.«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы». Дұрыс ұстанымдағы жастар елдің болашағы, ертеңі. Тәрбиесі бүтін, білімі жетік адам қоғам дамуына, елдің асқақтауына әсер етеді. Бұл тұрғыда Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны бәрімізге мәлім. Тәуелсіз елдің ұстазы аталмыш мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Осыған орай ұстаздың кәсіби шеберлігін жетілдіруі, педагогикалық, әдістемелік, жаңалықтар мен озық тәжірибиені жетік меңгеруінің маңызы зор. Қазіргі ел ұстазы алдындағы жоғары мақсат: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес шәкірттің білімі терең, іскер және бәсекеге қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай жұмыс істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте әрі кәсіби білікті болуы тиіс. Шәкірттің ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастар мен тұлғалық дамуын арттыруда, зерттеушлігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, жоғарғы деңгейге ұмтылуда, икемділігін арттыруда яғни шәкіртті жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үрдісіне инновациялық технологияларды пайлану оң нәтиже береді. Білім берудегі отарсыздану үдерісі отаршылық әкелген бөгде санадан, қате таным-түсініктен арылудың бірден бір жолы. Білім сананы ағартады, отарлық сананың шеңберін бұзады және жаңа көзқарас қалыптастыруға негіз болады. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Ұстазы қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен ұстазы бар мемлекет қана озып шыққан. Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл — әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті–білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Қазақстан Республикасының «Педагогтың статусы туралы» 27.12.2019. қабылданған заңының 4-бабы, 1-тармағында өзінің кәсіби қызметін атқару үшін педагогке ерекше статус берілгені туралы нақтыланған. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі  ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне жағдай жасау керек. Ол үшін  ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өттік. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Тәуелсіз ел ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл тәлімгерлерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет. Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, оның кəсіптік мəдениетінің өрістеуіне жан -жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн. мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. жергілікті   білім   басқармалары   білім беру ошақтарынан “қағаздың” түзу болуын талап етуден гөрі өзара қауымдастықтың    дамуына,   ұстаздардың  кәсіби  дамуы  мен көшбасшылығына  қолдау  көрсетілуіне  назар аудару  арқылы  реформаларды  жылдамдатуға ықпал  ете  алар  еді. ұстаздардың  бой-ында  көшбасшылық  тұлғаның  қалыптасуы уақыт  пен  жүйелі қолдауды  қажет  етеді. Көшбасшылығының  дамуына  ұстазға  уақыт,  орын қолдау қажет. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: дүниетанымдық көзқарасы, сенімі, қызметке бейімділігі ,кәсіптік білімі мен біліктілігі, қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім, ұйымдастырушылық қабілет, заманға сай жаңашылдық, осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз абзал.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Бақыттты ұрпақтың бастауы тірегі ретінде ұстаздың рөлі айрықша. Бақытты қоғам елдің экономикалық, рухани дамуының қайнар бұлағы. Сондықтан ұстаз әр кез шығармашылығын дамытып, өзін жетілдіріп отыруы тиіс. Өз дамуын тоқтатқан мұғалім тоқырауға ұшырайды. Ондай жағдайға жол бермеу үшін кез-келген педагог түрлі семинар мен курс, тренингтерге қатысып біліктілін арттырып отыруы тиіс. Заман талабы мен жастардың ойын қатар алып жүретін, санасуға, бәсекелесуге қабілетті шәкірт дайындау әрбір тәуелсіз ел ұстазының ұлық борышы болуы керек.

Сарыағаш медресе колледжінің

Арнайы пән оқытушысы Ф.С.Аюпова

:feruzaaupova52@gmail.com 87755571584