18-қараша күні Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы колледж ұстаздары және бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Рүстем Сабыржанұлы ұстаздардың қал-жағдайымен, медресеміздің тыныс-тіршілігімен танысып пікір алмасты. «Ұстаздық ету – ұлы жол. Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр, оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. “Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты”, дейді қазақта. Мұндағы «мықты ұстаз» — ұлы жолдың шыңына жетемін деп талпынудың көрінісі емес пе?! Алда тұрған небір кедергілер мен биік асуларды бағындыра алу үшін ерік-жігер, сабырлылық пен төзімділік қажет. Осы қасиеттерді өз бойына ұштастыра білген ұстазды нағыз өз ісінің маманы деп білемін,- деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, колледж студенттерімен болған жиында ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүріміз, Абу Ханифа мазһабы, имам Матуриди ақидасы жайлы көптеген мәліметтермен бөлісті. Сөз соңында шәкірттерге ізгі тілегін білдіріп, елдің, діннің адал қызметкері болуға шақырды.