Ислам – бүкіл әлемді Жаратушы Алланың пенде аталмыш құлына екі дүиеде де шынайы бақытқа жеткізу үшін жіберген иләһи діні. Әр нәрсенің авторы өз жасаған дүиесінің қыр-сырын өте жақсы білетіні сияқты Алла Тағала да құлының қыр-сырын оған не керегін және дұрыс екенін адамнан жақсы білуші екені сөзсіз. Исламның тыйған тыйымдары адамзатты ластық пен зияннан қорғау үшін болса бұйрықтары мен әмір еткен парыздары пенде үшін пайдалы хәм бақытқа апаратын жарқын жол.  Сол қағидаттардың бірегейі, исламның бес парыздарының бірі – зекет. Ол жайлы Тәубе сүресінің 103-аятында «Олардың дүние мүлкінен садақа (зекет) ал да, сол арқылы оларды күналарынан тазарт әрі сауаптары мен ықыластарының арта түсуіне дәнекер бол» делінген. Ислам ғұламалары да зекеттің парыздығына бір ауыздан келіскен. Оны мойындамаған адам діннен шығады, егер оны мойындай отырып орындамайтын болса күнәһәр болады. Хадисте «Ислам бес нәрседен тұрады, (Олар): Иман етіп, кәлима келтіру, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және рамазан оразасын ұстау»

Зекет  тек  материалдық жағынан көмек қана емес бәлкім ол исламдағы құлшылықты негізгісі болып табылады. Намаз, ораза сынды құлшылықтар пенденің денесіне қатысты болса, зекет оның мал-мүлкіне қатысты құлшылық. Әбу Хурайрадан пайғамбарымыз с.а.с. былай деп жеткізеді «Зекетін бермеген адамның байлығы ақырет күні ірі жылан пішініне кіреді. Екі көзінің үстіне (қорқыныштылығының белгісі ретінде) қап-қара екі домалақ дағы бар. Осы жыан қиямет күнінде иесінің мойнына оралады. Сосын аузымен иесінің екі жағынан ұстап: «Мен сенің дүниедегі (қатты жақсы көрген) байлығыңмын, мен сенің (жинаған) қазынаңмын», — дейді. Алла Тағала Құранда «Алланың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерін (басқаларға бермей) сараңдық істегендер бұл істерін өздеріне қайырлы деп ойламасын.Жоқ, тіпті (бұл істері) өздері үшін ең үлкен жамандық. Ақырет күні сараңдық жасаған дүниелері мойындарына оралады» дейді.

Шариғатта нисаб көлеміне жеткен байлық иесі, ақыл есі толық мұсылман байлығының белгілі бір мөлшерін Құанда көрсетілген адамдарға беруі міндет. Зекет беруші «Осы дүниемді малымның зекеті ретінде беруді ниет еттім» деп ниет етуі керек. Зекетті алушы адам оның кімнен екенін білуі шарт емес. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың  түр­ле­рі мен зе­кет  бе­ру­ді па­рыз ете­тін ни­сап кө­ле­мі

  1.  Ал­тын­да: жиыр­ма ди­нар, яғ­ни, 85 грамм
  2.  Кү­міс­те: екі жүз дир­һам, яғ­ни, 595 грамм
  3.  Түйеде: бес
  4.  Сиыр­да: отыз
  5.  Қой мен еш­кі­де: қы­рық
  6.  Сауда зат­та­рын­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са.
  7. Ақ­ша­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са
  8. Бау-бақ­ша жә­не егіс өнім­де­рі барлық шығындары шығарылған сң оннан бірі беріледі.

«Зекет» сөзі араб тілінен аударғанда «көбею, өсу» дегенді білдіреді. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте «Әр күні пенделер ұйқысынан оянған уақытта, екі періште түсіп, оның біреуі: «Уа, Раббым Жақсылыққа жұмсаушының дүиесін есесімен қайтар,» десе екіншісі «Уа, Раббым сараңды шығынға ұшырат» деп тілейді делінген. Ал зекетін беруге сараңдық еткен адам, күнәһәр болумен қатар ақыретте де азапқа ұшырамақ.

Ал, зекеттің қоғамдағы пайдасына тоқталсақ, ең алдымен елдегі тепе-теңдікті сақтап, жоқшылық пен кедейшіліктің алын алу жолдарының таптырмасы болып есептеледі. Бір үзік нанға мұқтаж адамды қуантату бірінішіден мұқтаж жанның ыстық ықыласына себеп болса екіншіден Алланың бұйрығын орындау арқылы осы дүниеде де ақыретте де үлкен сауап пен берекеге кенеледі. Үшіншіден, зекет берген кісі жомарттықты үйреніп қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігі, сүйіспеншілігі арта түсуіне себеп болады. Берген қол сараңдықтан арылса және мұқтаж адамды қуанта алу бақытына ие болса, алған қол шүкіршіл болуды, жақсылықтан үміт ете отырып кедейліктен арыла алады. Әрине бұл, өз кезегінде қайршылықтың алдын алып елдің өсіп өркендеп дамыған ел қатарына қосылуға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Әл-Фараби бабамыздың «Ең бақытты ел – қайыршысы жоқ ел» деп тілге тиек еткені сөзімізге дәлел бола алады. Тарихи еңбектерде «Либия мен Тунистің әкімі басқарып тұрған елдерде» зекет беруге лайықты кедейді таба алмағандарын сөз етіп, халифа Омар ибн Абдулазизге (х.з) бірнеше мәрте хат жазады. Халифа оларға:

  • Зекеттеріңді христиан және яхуди тапсаңдар соларға беріңдер, — дейді. Әкімдер:
  • Олардың арасынан да зекет алатын бірде-бір қайыршы шықпады, — дейді. Халифа
  • Зекеттеріңді көшеге шығарып, зекет алуға лайықты жандар алсын, — дейді» делінген.  Келтірілген оқиғадан, берілген зекет арылы елдің әл-ауқатының жақсы болғандығын аңғаруға болады. Қазірде әлемнің дамыған Еуропа елдерінде мыңдаған қайыршылар өрбіп жүр. Біздің елімізде де қайыршыларға да қатысты заң мен міндеттер баршылық.

Бойында өзішілдік пен қатігездік аса түскен қоғамда қайыршылық пен тіленшілік арта түседі. Айналасынан мейірім көрмеген адам көше кезіп, қайыр сұрап, мейірім іздеуге мәжбүр болады. Алдымен бауырлары, бауырының балалары, немере ағасы, әпкесі, нағашы ағасы мен әпкесі, содан кейін басқа туған-туысқандар мен көршілер, олардан кейін көшесінде және ауылында, еліндегі кедей-кепшіктерге беріледі.Исламдағы зекет пен садақаның да мақсаты әлсіздерге көмектесу және олардың қажеттілігін шешу.

Пайдаланылған әдебеиттер:

  1. Зекет. Самет Оқанұлы. – Алматы: «Көкжиек баспасы», 2020. – 88 бет
  2. Жұма мінбері – Алматы. ҚМДБ, 2012 – 688 бет
  3. Ислам ғылымхалы. Нұрлан Анарбаев, Еркебұлан Қарақұлов. Алматы: 2012. – 704 бет.
  4. Құран Кәрім. Халифа Алтай.
  5. Хадистер жинағы

                                                    Сарыағаш медресе колледжі ұстазы

                                                                             Аюпова Феруза