Дәстүрлі дін –  ұлт болмысымен байланысып, ел мәдениетінің бойындағы құндылықтарды сақтап, өрісін кеңейтіп отырған, елдің дәстүрі мен тарихының тәжірибелері (тағылымы) арқылы ұрпақ тарапынан қорғалып, сақталып келген дінді айтмыз. Қазақ халқының бұрыннан ұстанып келе жатқан дәстүрлі діні ислам. Бұған бұрынғы өткен зиялыларымыздың ғұмыры мен еңбектері, қалдырған мұралары мысал бола алады.  Мысалы, бір ғана ұлы ғалым Абай атамыздың дін мен ғылым жолындағы ізденесі халық игілігі жолындағы жауапкершіліктен туындаған. Абай мен Шәкәрімнің жазып кеткен еңбектері діннің барлық нәрседен жоғары екендігін, кез келген адамның дін білімінің өзіне бағындыру мүмкін еместігін, дәлелдейді түсіндіреді. Түптеп келгенде, дін мен халық үшін ғылым жолын қуған діни тұлғамен қазіргі кездегі түрлі ақпараттық құралдар арқылы мағлұмат алған адамның санасының тереңдігін салыстыру мүмкін емес.

Қазақта «дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген сөз бар. Қабылдамасқа амал жоқ, шындық. Ал, біз бүгінде  діннің қасиетінен көрі қасіретіне көбірек куә болудамыз. Жастайынан дін туралы дұрыс мағлұмат ала алмаған адам үшін,  «көзіңді жұмда артымнан ер» дегендей, кім жылы сөйлеп, жағына айтса сол адамның сөзі өмірлік қағида болып қалуда. Айтқан адамның қағидасы дұрыс болса қасиетке бөленгені, ал бұрыс болса қасіреті. Қазірде елімізде  жат ағымдардың жария және жасырын әсері өршіп тұр. Әсіресе, диструктивті ағымдардың діни мазмұндағы насихаттары кез келген діни сауаты жоқ адамның санасын улауы әбден мүмкін.  Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алумен қатар түбегейлі жою және түйткілдерді болдырмау үшін діни сауаттылықты көтеру жұмыстарын қарқынды жүргізуді талап етуде. Сонымен қатар ұлттың төл құндылықтарын арттыруды алғашқы орынға қою қажет. Қай салада болмасын ол мәселенің шешімі тек сауаттылықта жатыр. Діни сауаттылық болу үшін алдымен бейіміділік, қабілет, ынта, адамгершілік, тарихи сана, ұлттық идеалогия қоғамда және жеке адамның бойында болуы керек. Дінді қоғаммен үйлестіретін тек адамның жан-жақтылығы.  «Отан от басынан басталады» демекші, кез-келген дұрыс тәрбие мен жауапкершілік, дәстүрлі емес ағымдардың шырмауына түспеуге үлкен септігін тигізеді. Діни сауаттылықты арттыру үшін ең алдымен жоғарыда айтқанымыздай отбасындағы берік және сауатты тәрбиеден бастауымыз керек және  ел басы Н. Назарбаев айтқандай  қоғамда «дін терроризм емес»  түсінігін қалыптастыру.

Орындаған: Аюпова Ф.