6-желтоқсан күні мешітімізге қос бірдей ұстаздарымыз келіп уағыз айтты!

Бекайдар Әміре ұстаз бен Нышанбай Қадиров ұстаз шәкірттерге діни ілімнің маңыздылығы жайлы хадис-аяттардан мысал келтіріп, ілім талап етушіге қойылатын міндеттер жайында әдемі уағыз айтып, шәкірттердің сана көкжиегін кеңейтуге үлес қосты.

“Адамзаттың басқа жаратылыстардын артық және ерекше болуының сыры, Алла Тағаланың адамзатқа білім беруі. Алла Тағала құранда: «Адамға барлық нәрсенің атауын үйретіп, кейін періштелерге, егер шыншыл болсаңдар мыналардың атауын айтып беріңдер деді. Сонда періштелер: Кемшіліктен пәк тек Сен ғана, бізде Сен үйреткеннен басқа білім жоқ, шындығында Білім мен Даналық иесі Өзіңсің. Сонда Алла Тағала: Ей, Адам! Мыналардың барлығын атап бер деп еді, Адам барлығының атауын атады, Сол кезде Алла Тағала Мен сендерге аспан мен жердің сырын, сондай-ақ жасырын және жария істеріңді білемін демедім бе?-деп адамзаттың дәрежесін періштелерден жоғары қойып, тіпті періштелерге Адамға құрмет сәждесін жасауын бұйырды. Біздің жоғарыдағы айтылып өткен аяттардан аңғаратынымыз, адамзат басқа жаратылыстардан білімімен ерекшеленеді.”

Шәкірттер уағыз біткеннен соң ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, мардымды жауап алды.

Ұстаздарымыз оқу ордамызға және шәкірттерге дұға етіп, ізгі тілектерін жеткізді.