БІЗДІҢ САЙТҚА ЖАЗЫЛУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ

Колледжді бітіргендер «исламтану» мамандығы бойынша диплом алып шығады.

Сарыағаш медресе-колледжі

Алматыда 2009 жылы өткен ҚМДБ-ның кеңейтілген төралқа мәжілісінде  Сарыағаш ауданындағы Сарыағаш медресесін 2010-2011 жаңа оқу жылынан бастап Діни басқарма құзырына алу мәселесі талқыланып, шешім қабылданды.

Медресе аудан орталығы Сарыағаштан 14 шақырым жерде. 1955 жылы Абдуллаұлы Атауллаһ қари осы ауылдың солтүстігіндегі Келес өзені бойынан мешіт салдырған. Жергілікті халық оны «Таяқты ишан» деп атап кеткен. Ол 1860-1959 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Көнекөз қариялардың айтуынша ол Бұхара медресесінде 45 жыл ұстаздық еткен. Мешітке сол кісінің аты берілген.

Колледж ғимаратын мешітке жапсарластырып 1989 жылы Шәкір ишан Сманұлы ауыл азаматтарының көмегі және өз қаражатына көлемі 12х66 м   екі қабат етіп  тұрғызған.

Содан 2000 жылға дейін ол «Таяқты ишан» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсы деген атпен өз бетінше жұмыс істеп келді. Әйтсе де бұлколледж жоғарыда айтылғандай, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің ұсынысымен ҚМДБ құзырына алынып, оған медресе мәртебесі берілді.

Оқу орны республика бойынша  дін мамандарын даярлайтындықтан 2010 жылдың 29 шілдесінде елдің барлық аймағынан алғашқы 55 талапкер қабылдаған.

2016 жылдың қаңтар айында  медресе колледж статусын алды. Ендігі кезекте тек қана 11-сыныпты бітіргендер емес, 9- сыныпты бітірген ұл қыздарды қабылдайды.

Ғимарат көлемі 1473,4 шаршы метр. Бірінші қабат әкімшілік ғимараты, мұғалімдер бөлмесі.  Кітапхана қорында 12000-ға жуық кітап бар.

Екінші, үшінші және төртінші қабат оқу сыныптары. Информатика кабинеті компьютермен жабдықталып, ғаламтор жүйесіне қосылған. Дәрігерлік бөлме де тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрақты мейірбике қызмет көрсетеді. Әрбір сынып  қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сыныптар кең әрі жарық, сабақ өтуге қолайлы.  Есіктері ағаштан, терезелері пластик, едендері кафелденген. Оқу ғимараты газбен жылытылады.

Жатақхана екі қабаттан тұрады. Жатақханаға жапсарлас«Таяқты ишан» мешіті орналасқан. Кең дәліздің екі жағы жатақхана бөлмелері. Жатақхана кең әрі онда екі қабатты кереуеттің төртеуі қойылған. Студенттер жатын орны  арнайы көрпе жастық және ақ жаялықтармен қамтамасыз етілген. Бөлмелер студенттердің киім-кешектерін және жеке гигиеналық заттарын қоятын  жиһазбен қамтамасыз етілген.

Асхана жаңа ғимараттың астыңғы қабатында оранласып онда бір мезгілде 300 шәкірт тамақтана алады.  Шәкірттер күніне үш уақыт  тамақтанады.

Жылы су және күнделікті жуынатын  себезгі (душ) және аптасына бір рет ыстық монша жағылады. Кір жуатын машина қойылған.

Ауласында футбол, баскетбол, волейбол ойнайтын және дене шынықтыратын  ашық алаң, турник, алтыбақан т.б. салауатты өмір салтына арналған құралдар бар.

Колледжді бітіргендер «исламтану» мамандығы бойынша диплом алып шығады.
Имя  
Эл. почта  
Сообщение  

    БІЗ ЖАЙЛЫ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТАР

    +7(72537) 5-52-92

    kazmedrese@gmail.com

    Жазылу

        Мекен-жайымыз:

        Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені,

        Медресе көшесі, 1