MEDRESE.KZ Без категории,Ғибратнама,Жаңалықтар,Медресе Білгенге мешіт деген Құдай үйі

Білгенге мешіт деген Құдай үйі

«Білгенге мешіт деген Құдай үйі» деп бабаларымыз базына қалдырғанындай 2019 жылы қарашаның 29 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының, Ынтымақ ауылында «Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығы» ашылды. Көркі көз тартқан, ашылмай тұрып-ақ атағы алты алашқа аты әйгі болған таңғажайып ғимараттың ашылуына орай алыс-жақын елдердің дін ғұламалары, Түркия мемлекетінің ханзадасы арнайы келді. Және еліміздегі ірі дін ғалымдары, алты алашқа танымал ақын-жазушылар мен композиторлар, ел ағалары да келіп қатысып, өз ықыластарын білдіріп қайтты. Қасиетті жұманың қарсаңында жасалған осы дүбірлі жиында түрлі іс-шаралар өткізіліп, жұма оқылғаннан кейін ел іші-сыртындағы игі жақсыларға, 10 000 ға тарта жиналған қарапайым халыққа арнайы дайындалған орындар мен ақбоз үйлерде ас берілді. Тек Қазақстан емес, басқа елдерді де бей-жәй қалдырмаған бұл ғимараттың жалпы аумағы 14 мың кв метр болып, онда бір мезетте 10000 адам қатар тұрып намаз оқи алады.

Ғимараттың айнала орналастырылған шағын көл сәулетті ғимараттың сәнін одан сайын асыра түседі. Осы құрылыстың дәл қарсы бетіне тағы да бір тамаша ғимарат орналасқан. Бұл Қазақстанға және көрші елдерге танымал белгілі ғалымдар Смановтар әулеті басқарып отырған «Сарыағаш медресе колледжі». 500 адамдық сабақ оқитын бөлме мен асханадан тұратын, бас-аяғы 1473,4 шаршы метрді құрайтын бұл ғимаратта «әуелі үйренетін бір ғылымың, өзіңнің мұсылманша дін ғылымың» деп Міржақып Дулатұлы жырлағанындай мұсылманшылық ілімі кешенді түрде оқытылумен қатар, заман талабы, қоғам ағымына сай осы заманғы білмдер де беріледі. Әрине бұл қазақ елінің мақтанышы боларлық киелі орда деп есептесек қателеспейміз. Бұл орыннан талай-талай тау тұлғалы азаматтар, ел игілігі үшін еңбек ететін көптеген ерлер шығатынына сеніміміз мол!

Related Post

Бір көзді анаБір көзді ана

Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді,

Абдулла ибн Хузафа Парсы патшасы Кисраға дінді уағыздауыАбдулла ибн Хузафа Парсы патшасы Кисраға дінді уағыздауы

«Алла тағаланың назарында әрі абзал әрі таза, дәрежелеріңді көтеретін, алтын мен күмісті жаратудан артық, тіпті жауларыңмен бетпе-бет тұрып, олардың бастарын шабу, не болмаса сол жолда жан тапсырудан да артық болған

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, сендерге бұл ай