MEDRESE.KZ Жаңалықтар «Рамазан аруы 2019»

ҚМДБ-ның Алматы облысы Алматы аймағы бойынша өкілі, Қарасай батыр мешітінің бас имамы Қуаныш Наржановтың қолдауымен әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен 3 айға созылған арулар сайысы бүгін өз жеңімпаздарын анықтады!

Бәйгенің бірінші кезеңі əр қаланың орталық мешіттерінде өтті. Ол кезеңнің шарты бойынша Құран Кəрімнің қазақшасы Халифа Алтай нұсқасы бойынша алынды. Шарт бойынша 114 сүреден 114 сұрақ қойылды. Екінші кезеңіне медресеміздің алты шəкірті өтті.
Республика бойынша іріктеуден өткен  жалпы 14 Ару бүгін білімі мен білігіне, Қасиетті Құран жаттау қабілеті мен ислам іліміне қатысты, сондай-ақ қолөнер, сұрақ-жауаптан тұратын 5 сынақта өзара сынға түсіп колледжіміздің шәкірті Оңғарбай Жанар «Өнерлі Ару» атағына ие болып Ұмра қажылығының сертификатына ие болды.

Қазылар алқасы да Нұр-Мүбарак университетінің білімді де білікті мамандары, медресе, қажылық компания өкілдері, Құран хафиздерінен құралған! 

 

Related Post

Сіріңке талшықтарынан жасалған мешітСіріңке талшықтарынан жасалған мешіт

Дағыстанның Анди елді мекенінің тұрғыны Ахмад Ибрахимов туылғаннан құлағы керең мылқаулығына қарамай өмірде өз орнын тапқан. Үш жылдан бері ол сіріңке талшықтарынан және қарапайым қағаз желімі көмегімен таңғажайып қайталанбас ғимараттар

Құранды жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті.Құранды жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті.

20.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің ұлдар арасында да құранның V,III,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі