БІЗДІҢ САЙТҚА ЖАЗЫЛУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ»

БЕКІТЕМІН:

«Сарыағаш медресе колледжі»директоры

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

___________Е.Х.Қалжанов

«___»  ____________2020ж.

2020-2021 оқу жылына арналған «Сарыағаш» медресе колледжі

Ұйымдастырушы педагог   жылдық жоспары

Атқарылатын жұмыстар

Мерзімі

Жауапты

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.

Мақсаты:патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.

1

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай топ сағаттары және іс-шара ұйымдастыру.

желтоқсан

Ұйымдастырушы педагог

Жастар ұйымы

2

«Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз» атты тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізу (бейнебаяндар көрсету)

Қаңтар

Жастар ұйымы

Еріктілер ұйымы

Тәрбиешілер

Ұйымдастырушы педагог

3

Ұстаздар күніне орай іс-шара ұйымдастыру

Қазан

Жастар ұйымы

4

«Ауған,сөнген шоқ,өшкен арман тек сенен есте қалған » тақырыбында іс-шара ұймдастыру.

ақпан

ДТІЖО Е.Қалжанов

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

4

Ұлы жеңіс күніне орай, колледжішілік Құран жарысын ұйымдастыру

сәуір

ДТІЖО Е.Қалжанов

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

5

ҚР президентінің жолдауын тыңдау,түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Белгіленген жоспар бойынша

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

Рухани –танымдық тәрбие.

Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.

1

Білім күніне орай жас талапкерлерді студент қатарына қабылдау іс-шарасы

Қыркүйек

ДТІЖО Е.Қалжанов

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

2

Еріктілердің жыл бойы өткізген іс-шараларын қорытындылау.

желтоқсан

ДТІЖО Е.Қалжанов.

Жастар ұйымы.

Ұлттық тәрбие

Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.

1

«Бір шаңырақ астында» Халықаралық Бірлік күніне арналған қолөнер, кітап көрмелерін ұйымдастыру

маусым

Кітапханашы

Жастар ұйымы

2

«Иманды ұрпақ ұлт болашағы» атты хадистер сайысы.

сәуір

Жастар ұйымы.

Топ жетекшілері

Тәрбиешілер.

3

Қазақстан халқы Ассамблеясының,дәстүрлі дін және құқық қорғау органдары өкілдерін шақыру арқылы этникалық келісім және әр түрлі этностардың мәдениетімен дәстүрлеріне деген құрмет,студенттер арасында этникалық келісімді ныңайту және діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу.

мамыр

ДТІЖО Е.Қалжанов.

Жастар ұйымы,

Топ жетекшілері

Тәрбиешілер.

ІV. Отбасылық тәрбие

Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.

1

«Ата-баба дәстүрі – әдептілік негізі» конференция сабағы

сәуір

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

2

Ана туралы уағыздар жүргізу.

Ананың әдір қәсиетін түсіну

наурыз

Жастар ұйымы

Топ жетекшілері

Тәрбиешілер

V.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.

1

«Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» атты оқу ғимараты айналасындағы көшелерге апта-ай сайынғы тазалықтар ұйымдастыру, сенбіліктер

ай сайын

Топ жетекшілері

Жастар ұйымы

Жатақхана меңгерушісі

Ұйымдастырушы педагог

2

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша колледж аумағын көгалдандыру және тал егу жұмыстарын жүргізу.

наурыз

Топ жетекшілері

Жастар ұйымы

Жатақхана меңгерушісі Ұйымдастырушы педагог

3

«Қоғамдық орын ұғымы; проблемалар мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел

қазан

Топ жетекшілері

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

VI. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

1

Колледжішілік, аудандық іс-шараларды колледж сайтын жүктеп отыру

жыл бойы

ДТІЖО Е.Қалжанов.

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

2

«Кітап оқитын ұлт» тақырыбы аясында оқырмандар сайысы

қараша

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

Кітапханашы

Тәрбиешілер

Жатақхана меңгерушісі

3

«Ел ертеңі жастардың қолында» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізу

ақпан

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

4

  Білім өмір шырағы атты тақырыбында пікірталас өткізу

ақпан

Жастар ұйымы

VІІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

1

«Салауатты өмір салты, дене тәрбиесі және спорт» денсаулық фестивалі.

Жыл бойы

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

2

«Денсаулық күні» студенттер арасында футболдан жарыс 

Қыркүйек

Еріктілер клубы

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

3

«Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай,  «Спортпен достасқаның - күшіңе күш қосқаның» атты спорттық эстафета ұйымдастыру

сәуір

Дене тәрбиесі пәні оқытушысы

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

4

Спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу.

Жыл бойына

Жастар ұйымы

Ұйымдастырушы педагог

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                    Е.Қалжанов

Түсініктеме

             Сарыағаш медресе коллежіндегі тәрбие процессі білім беру және тәрбие саласындағы Мемлекеттік саясат анықталатын, тәрбиенің мақсаты және міндеттері қойылған  Қазақстан Республикасының Ата заңы, ҚР «Білім беру туралы» заңы,  ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына   Жолдауы, ҚР Мемлекеттік жастар саясатының Концепциясы, білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің комплекстік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

              Колледждегі тәрбие жұмысы жүйелі, мақсатты бағытталған. Төмендегідей бөлімдерге бөлінген «Сарыағаш медресе колледж студенттеріне арналған тәрбие жұмысы бойынша бағдарлама» құрастырылған:

Жастарды тәрбиелеу проблемалары мен негізгі тенденциялары

Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

Тәрбиені ұйымдастырудың негізгі принциптері

Бағдарламаны орындауды бақылау және ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысы бойынша, тәрбие процесінің диагностикасында әдістемелік- құралды қолдану, педагогикалық технологиялардың түрлерімен таныстыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу,Үкімет бекіткен, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес тәрбие жұмысының бағытын  және негізгі приоритетін  психолого-педагогикалық консилиум жүргізетін әкімшілік кеңес, тәжірибелік қызметте жаңа психолого-педагогикалық білім қолдануға бағытталған кураторлар кеңесі жұмыс жасайды.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған, өз елінің патриоты, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, иманды, саналы ұрпақты, толерантты  тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына.

Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға.

Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне .

Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға.

Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына .

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға .

Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.

1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.

2. Рухани-танымдық тәрбие.

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасылық тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздерінен күтілетін нәтижелері

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің Тұжырымдамалық негіздері төмендегідей мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:

бала құқықтары туралы Конвенцияға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалар мен жастардың азаматтық қоғамының, жас қазақстандықтардың қоғам мен мемлекет өміріндегі қоғамдық қозғалысының рөлі мен жауапкершілігін арттыру;

балалар мен жастардың қазақстандық патриотизмінің, жауапкершілікті азаматтық сана-сезімінің, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің, толеранттылық пен тұлғаның тұрақты әлеуметтік маңызды қасиеттерінің қалыптасу деңгейінің өсуі;

жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың мәдениет негіздері, ана тілі мен мемлекеттік тілді және этномәдениетті құрметтеу;

тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейту;

балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыру, жастарды салауатты отбасын құруға дайындау, отбасы институтын нығайтуға саналы түрде қатысу;

әлеуметтік маңызы бар отбасылық, балалар және ата-аналар бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;

тұлғаның экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы және өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымы; экологиялық сауаттылық пен мәдениетін дамыту;

балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;

балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;

балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық өзара іс-әрекет етуге қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адамды қалыптастыруға бағытталған.

Адаптациялық кезеңінің ережесі

Адаптациялық зерттеме жұмысы кешегі оқушылар мен студенттердің жаңа өмірге қадам басу үшін керек. Адаптациялық кезең - өтпелі кезең болып табылады. Өйткені, социалдық адаптация, яғни жаңа социалдық ортаға бейімделуі, осы қадамның  нәтижесі болып табылады. Социалдық адаптация дегеніміз белгілі бір қоғамның мақсаты мен алға басқан қадамы, бір қоғамға және оған кіретін жеке тұлғаға сәйкес келеді,  нормалардың қамтылуы, салт-дәстүр, қоршаған ортаның мәдениеті, сол қоғамның ішіне кіруі.Сонымен қатар,  социалдық адаптацияда  студент өте үлкен рөл атқарады. Бірақ, ол қоғам ішінде қалыптасқан норма мен тәртіп ережелерін орындауына байланысты болады. Балалардың студенттік өмірге өтуі шағын кризис болып табылады.  Критикалық жас жаңаға қадам басу, адамның мінез-құлығының дамуы арқылы қалыптасады. Осы кезең терең оқу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Ал, социализацияның ең басты белгісі - кәсіпқойлық білім мен дағды екені мәлім. Адаптациялық жұмыс осы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Мақсаты  мен тапсырмалары

Адаптациялық кезеңнің мақсаты әр студенттің тұлғалық мәртебесін анықтау. Осыдан келесі талаптар қойылады.

Қазақстан Республикасының құқығы мен міндеттемелерінің білуі;

Студенттердің құқығы мен міндеттемелерін білуі мен Отан сүйгіш қасиетінің қалыптасуы;

Студенттің құқықтылық және рухани дамуы;

Өзіндік өнердің дамуы мен қалыптасуы мен лидерлік қасиеттердің қалыптасуы;

Коммуникативтік потенциалың дамуы;

Студенттердің оқуға және болашақ мамандығына деген мативациясының қалыптасуы.

Ұйымдастырушылық структура.

 Ұйымдастырушылық жұмыстың формалары.

Мамандығы туралы шағын лекция, «Дөңгелек стол» - қиын мәселелерді шешу;

Әр-түрлі мамандық иелерімен кездесу (по профилю);

Мәдениет үйлеріне, қалалық жұмыс орындарына саяхат;

Интеллектуалдық, танымдық кештерге дайындыққа және толық қатысуға үйрету;

Кураторлық сағат.

Мазмұны

   Бас мамандар жалпы мамандыққа қатысты, лекциялар оқиды. Мақсаты – студенттің болашақ мамандығына деген ынтасы мен қызығушылығын ояту және қалыптастыру.

   Көптеген мәселелерді талқылау әр студенттің өзінің өмірлік көзқарасының қалыптасуына, халық алдында дұрыс сөйлеуге, өзінің жеке ойын дәлелдей білуге үйретеді. Кәсіпқой мамандармен кездесу және әр түрлі бас маман иелерімен сұхбаттасу, болашақ мамандығына деген жақсы әсер алуға студенттің өмірлік қағидасын қалыптастырады. Студенттің әр түрлі ой-өрісі кеңейетін ойындар мен танымдық кештерге қатысу дүниетанымын кеңейтуге, қабілеттерін анықтауға, шығармашылығының дамуына көмектеседі. Ұйымдастырушылық – мәдениет үйлерін аралауға, туған жерінің тарихын қамтиды. Адаптациялық кезеңнің бағдарламасы тысаукесер рәсімімен аяқталады.

Басшылық

Жалпы және толық басқарушы колледждің директоры болып саналады.

Колледж директоры адаптациялық кезеңнің басшысын тағайындайды.

Адаптациялық кезеңнің басшысы мен оқу-тәрбиесі жөніндегі орынбасары жұмыс жоспарын жасайды.

Топтарды кураторлар басқарады, оларды колледждің администрациясы тағайындайды.

Әр топта өзінің администрациялық адамы мен жоғарғы курстың студенті болады.

Әр топта өзінің арнайы күні ұйымдастырушылықты  жүргізуге арналады.

Әр топтың өзінің имиджі болады:

Киім үлгісі;

Эмблема, ұран.

Аналитикалық жұмыс.

 Аналитикалық жұмыс мынаны қамтиды:

Әр жүргізілген жұмыс жайлы кураторлық есеп;

Психологтың педагогикалық мінездеме мен топ белсенділері туралы құжаты;

«Дөңгелек стол» - қорытындылар, шешімдер мен ұсыныстар.

Қорытынды.

Адаптациялық кезең әр тұлғаның жаңа социалдық ортаға кіруіне – студенттік ортаға, қасиеттерін қалыптастыру, жеке тұлғаның ерекшеліктері, коммуникативтік қасиеттердің дамуы, жақсы қарым-қатынас ортасын қалыптастырады.